Ақпараттық қауіпсіздік және кибермәдениет

20.10.2025

20 қазан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-да ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениетке арналған әңгіме өткізілді. Сабақтың мақсаты — студенттердің интернеттегі қауіп-қатерлер (деректердің таралып кетуі, алаяқтық және т.б.) туралы хабардарлығын арттыру, цифрлық ресурстарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын, желідегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін және әлеуметтік желілердегі қарым-қатынас этикасын үйрету.

Әңгіме барысында әлеуметтік педагог Коновалова С.Г. қаскөйлердің қалай әрекет ететінін, жасөспірімдердің анкеталық деректері қандай жолдармен белгілі болып қалатынын түсіндірді және қылмыс құрбанына айналмаудың жолдарын баяндады. Бұған қоса, студенттер әлеуметтік желілер мен өзге интернет-платформаларда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері жөнінде ақпарат алды. Ерекше назар жеке деректерді әлеуметтік желідегі беттерде жарияламау қажеттілігіне аударылды.

Студенттер айтылғандарды қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды. Бұл іс-шараның нәтижесінде олардың интернеттегі қауіпсіздігі ең алдымен өздеріне байланысты екені тағы бір мәрте атап өтілді.



Текст
Виртуальная приемная